×

Ұлттық валюта нығайды: доллар тағы 11 теңгеге арзандады

Бүгінгі курс бойынша америкалық долларды сатып алудың орташа бағамы - 455,49 теңге

 Ербол Тұрымбет 30.03.2022 | 11:32
коллаж: Halyq Uni

Қазақстан қор биржасы (KASE) деректеріне сәйкес, таңғы сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 11,44 теңгеге төмендеп, 458,76 теңгеге тең болды. Ұлттық банк 30 наурызға белгілеген ресми доллар бағамы - 471,30 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде америкалық долларды сатып алудың орташа бағамы - 455,49 теңге, сатылым - 460,69 теңге. Нұр-Сұлтанда америкалық валютаны орта есеппен 451,19 теңгеден сатып алады, 457,30 теңгеден сатады.

Қазақстанда шетел валютасы осымен бірнеше күн қатарынан арзандап жатыр. Айта кетейік, доллардың 19-24 наурыз аралығындағы ресми бағамы 505,22 теңге болған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама