×

Баға тұрақтылығы қалай қамтамасыз етіледі – Пірматов Тоқаевқа есеп берді

Қаржы және баға тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қандай шаралар қабылданып жатыр?

 Халық үні 25.03.2022 | 17:25
коллаж: Halyq Uni

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады.

Мемлекет басшысына Ұлттық банктің 2022 жылғы 1-тоқсанда жүзеге асырған ақша-кредит саясатының алдын ала қорытындылары жөнінде, сондай-ақ қаржы және баға тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қабылданып жатқан шаралар туралы есеп берілді, – дейді Ақорда.

Президентке сыртқы әрі ішкі нарықтардағы ахуал жайында баяндалды. Пірматов валюта нарығында қалыптасқан үрдістер, Ұлттық банктің алтын-валюта резервтері мен Ұлттық қордағы активтердің жай-күйі жайлы айтты. Сонымен қатар Тоқаевқа инфляция қарқыны, банк жүйесіндегі депозиттер құрылымының өзгеруі, зейнетақы активтерінің жағдайы, төлем жүйесінің дамуы жайында мәлімет берілді.  

«Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар нақты тапсырма берді», – делінген ақпаратта.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама