Жайылым көп, мал аз: Батыстағы үш облыста жер бос жатыр

Бауыржан Мұқанов

Маңғыстауда бос жатқан жерлер халыққа берілмеген

Фото: Halyq Uni

2022 жылы республика бойынша пайдаланылмай жатқан және заңсыз берілген 5,2 млн гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекетке қайтарылды, 2023 жылы тағы 5 млн гектар қайтарылмақ. Бұл туралы қаңтарда ауыл шаруашылығы министрлігі мәлімдеген еді. Бұл туралы қаңтарда ауыл шаруашылығы министрлігі мәлімдеді. Осы орайда, Halyq Uni қай өңірде жер тапшы, қай өңірде артық екенін зерттеп көрді. 

Алайда, батыс өңірлерде жер тапшылығы мәселесі жоқ деуге болады. Төрт облыстың ішінде тек Атырау облысында ғана тапшылық бар. Ол өңірде жер қоры жеткілікті болғанымен, ауыл шаруашылық мақсатта пайдалануға жарамайтынын жариялаған едік. Ал қалған үш облыста, керісінше, ауыл шаруашылық мақсаттағы жерлер пайдаланылмай бос жатыр. 

БОС ЖАТҚАН ЖЕРДІ ХАЛЫҚҚА БЕРЕ АЛМАЙ ОТЫР

«Маңғыстау облысы ауыл тұрғындары босалқы жер және ауыл маңындағы шаруашылықтар есебінен мал жайылымымен қамтамасыз етілуде, бұл жерде өткір мәселелер жоқ», – деп жауап берді өңір әкімдігі редакцияның ресми сауалына. Дегенмен, елді мекен аумақтарындағы жайылымды кеңейту қажеттілігі бар екені айтылады.

2023 жылы әкімдік 527,3 мың га жайылымды айналымға енгізуді жоспарлап отыр. Ал жалпы алдағы 8 жылда 4,2 млн га жер пайдалануға берілмек.

Қазіргі кезде облыстың жалпы көлемі 16,6 млн га, оның ішінде 12,6 млн га жайылымдық жерлер. Атап айтқанда:

  • ауыл шаруашылығы жерлері 3 млн га (егістік 0,6 мың га, жайылым 2,7 млн га); 
  • елді мекен жерлері 1 млн га,
  • бос жер 11,7 млн га.

Әкімдіктің хабарлауынша, мемлекеттік қорда 8,7 млн га жайылым жер бар.

Ауыл шаруашылығы жерлерінде 2,7 млн га жайылым бар, аудан бойынша шаруа қожалықтарда 112,8 мың шартты мал басы тіркелген, мал басына сәйкес қажеттілігі 1 млн 184 мың гектар, толықтай қамтылған, – дейді әкімдік.

Елді мекендер жерінің жайылымы 935,6 мың га, ауыл халқында 139,3 мың шартты мал басы тіркелген, қосымша қажеттілігі 526,6 мың га.

БАТЫС ҚАЗАҚСТАНДА ЖАРТЫ МИЛЛИОН ГЕКТАР БОС ЖАТҚАН

«Облыс көлемінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің тапшылығы байқалмайды», – деп жауап берді әкімдік.

Облыс бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің көлемі – 7897,9 мың га құрайды, оның ішінде: 

  • егістік – 620,5 мың га;
  • көпжылдық екпелер – 1,9 мың га;
  • тыңайған жер – 528,1 мың га; 
  • шабындық – 510,1 мың га;
  • жайылым – 6180,6 мың га,
  • басқа жерлер – 56,7 мың га.

Өңірде 3,1 млн га жер бос жатыр. Оның ішінде: 

  • көпжылдық екпелер 0,4 мың га;
  • тыңайған жер – 412,8 мың га;
  • шабындық 422,5  мың га;
  • жайылым – 1797,6 мың га;
  • басқа жерлер 464,6 мың га.

2022 жылы қалалық және аудандық жер қатынастары саласындағы уәкілетті органдармен пайдаланылмай жатқан 503,7 мың га құрайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер анықталды, – деп жауап берді әкімдік.

Қазіргі таңда аталған жерлердің:

  • 221,6 мың га құрайтын жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды;
  • 103,9 мың га құрайтын жер учаскелерінің иелері жерлерін мақсатына сай геруге кірісті;
  • қалған 178,2 мың га құрайтын жер учаскелері бойынша облыстық жер ресурстарын басқару департаментімен тексеру жұмыстары жүргізілуде, оның ішінде 65,4 мың га құрайтын жерлердің субъектілеріне жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар берілді.

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНДА 25 МЛН ГЕКТАР ЖАЙЫЛЫМ БАР

Облыстың жaлпы көлемi 30 млн гектардан асады. Соның ішінде 26,9 млн гектардан астамы ауыл шаруашылық жерлері болса, оның 25,3 млн гектары жайылым.

2022 жылы облыс бойынша 16 конкурс арқылы ауыл шаруашылығы мақсатындагы жалпы көлемі 688,5 мың га жер учаскілері айналымға енгiзiлiп, шаруашылықтарға табысталды, оның iшiнде 8,1 мың гектары егiстiк.

Облыс бойынша шаруашылықтарда жайылым тапшылығы болған жоқ, – деді әкімдік.

2О22 жылы пайдаланбайтындығы анықталып келiсiмшарттарды мерзiмiнен бұрын тоқтату арқылы мемлекеттiң босалкы жер қорына жалпы көлемi 535,1 мың га жер учаскелерi қайтарылды, оның iшiнде 17,8 мың гектары егiстiк.

Әкімдіктің хабарлауынша, биыл ҚР AШМ Жер ресурстарын баскару комитетінің тапсырмасына сәйкес облыс бойынша 330,0 мың га пайдаланбаған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскілерін мемлекет меншiгiне қайтару жоспарланған.

Облыстың айналымға енгiзiлген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерi 13,1 млн га, оның iшiнде: 

  • егiстiк – 7 5,4 мың га;
  • тыңайған жер – 254,2 мың га; 
  • көпжылдық екпе – 0,1 га; 
  • шабындық – 128,1 мың га; 
  • жайылым – 11,8 млн га; 
  • басқа жерлер 161,1 мың га.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Шығыс Қазақстан мен Түркістан облыстарында жайылым жетпей жатқанын жазған едік. 

Halyq Uni алдағы уақытта әр өңірдегі ауыл шаруашылық жерлер туралы мақалалар сериясын жалғастырады.