×

«Астана» халықаралық қаржы орталығында 8 криптобиржа тіркелген

Елімізде криптовалютаны 1 млн адам пайдаланады

 Дәурен Ерболат 19.01.2023 | 13:22
Фото: aifc.kz

Бүгінде «Астана» халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) 8 криптобиржа тіркелген. Бұл туралы ведомство әкімшілігінің басқарма төрағасы Ернұр Рысмағамбетов айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оның пікірінше, саланы реттейтін заң керек.

АХҚО экожүйесінде 8 криптобиржа тіркелді. Тағы 19-ы тіркелуді жоспарлап отыр. Онда қанша криптоактив бары туралы ресми статистика жоқ. Кейбір мәліметтерге сәйкес, Қазақстанда криптоактивтерді пайдаланушылар саны 100 мың адамнан 1 млн-ға дейін жетеді. Егер жалпы көлем туралы айтатын болсақ, онда әртүрлі бағалаулар бар: бірнеше млрд-тан ондаған млрд-қа дейін жетуі мүмкін, - деді Ернұр Рысмағамбетов Сенаттың жалпы отырысында.

Қазір Қазақстанда 1 млн-нан аса адамның криптовалютасы бар.

Айта кетейік, бүгін цифрлық майнинг қызметін реттейтін заң Мәжіліске кері қайтарылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама