×

Қазақстанда 1 миллионнан астам адамның криптовалютасы бар – сенатор

Елімізде тек акредиттелген майнерлер жұмыс істеуі мүмкін

 Дәурен Ерболат 19.01.2023 | 11:24
көрнекі фото: ашық дереккөзден

Бүгінде миллионнан астам Қазақстан азаматы биржада криптовалютамен сауда жасайды. Бұл туралы Сенат депутаты Сергей Карплюк айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оның айутынша, «Қазақстандағы цифрлық активтер туралы» заң және оған ілеспе заңдар майнинг саласын реттеу үшін әзірленген.

«Бүгінде бұл сала өте жоғары қарқынмен дамып келеді. Бейресми деректер бойынша халықаралық биржаларда криптовалюта саудасына қатысатын 1 миллионнан астам Қазақстан азаматы тіркелген. Алайда криптовалютамен жасалған барлық операция көлеңкелі болып саналады», - деді Сергей Карплюк Сенаттың жалпы отырысында.

Аталған заң бойынша Қазақстанда тек аккредиттелген майнерлер жұмыс істей алады.

«Криптовалюта нарығының ашықтығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін «Астана» халықаралық қаржы орталығының алаңында криптовалюталарды сатып алу және сату бойынша мәмілелер жасау үшін құқықтық жағдайды қамтамасыз ету ұсынылады. Бүгінде цифрлық майнинг табысы жоғары қызмет түрі болып саналады. Бірақ қазір қазақстандық майнерлер өз күшін шетелдік пулда біріктірді. Осыған байланысты уәкілетті органдар олардың нақты табысын айта алмайды.

Cондықтан заң шеңберінде цифрлық майнингті жүзеге асыру тек аккредиттелген майнинг пулдарда жүргізуді көздейді», - деді сенатор.

Қазақстандағы майнерлерді аккредиттеу олардың нақты қанша табыс табатынын білуге, салық салу нормаларын қолдануға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ заңда қазақстандық майнерлер 2024 жылдан бастап АХҚО аумағында тіркелген биржаларда өндірілген криптовалютаның 50%-ын сатуға міндеттейтін норма бар. 2025 жылдан бастап бұл көлем 75%-ға дейін ұлғаяды. Осылайша, норма АХҚО биржаларының рентабельділігін арттыруға мүмкіндік береді, - деді Сергей Карплюк.

Айта кетейік, бүгін цифрлық майнинг қызметін реттейтін заң Мәжіліске қайтарылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама