×

2023 жылы импорттық тауарларға тәуелділік арта түседі – Ұлттық банк

Көрсеткіш рекордтық деңгейге жетуі мүмкін

 Дәурен Ерболат 21.12.2022 | 17:40
Фото: tazabek.kg

2023 жылы Қазақстанда импорт көлемі айтарлықтай өсіп, 2016 жылғы деңгейден 2 есе асады. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оның айтуынша, 2024-2025 жылдары импорттық тауарларға тәуелділік 54,1-54,6 млрд долларға өседі деген болжам бар. Өсім бірнеше факторға байланысты.

Біріншіден, шетелдік тауарлар қымбаттаса да халық пен бизнестің сұранысы тұрақты. Мысалы, 2022 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша заттай импорт былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда, 3,5%-ға артқан. Бұл өсім негізінен тұтыну және аралық тауарларда болды. Реэкспорттың өсуі есебінен де азық-түлік емес тұтыну тауарларына қатысты импортқа қосымша қысым көрсетіліп отыр, - деді Ақылжан Баймағамбетов.

Екіншіден, биыл 9 айда Ресейден импорт 11%-ға қысқарса да тауарлардың басқа нарықтардан жеткізілімі ұлғайған. Мысалы, жеткізілім Қытайға біртіндеп қайта бағдарланған.

Үшіншіден, орта мерзімді перспективада жоспарланған фискалдық шығыстар аралық тауарлар импортының одан әрі өсуін ынталандырады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама