×

Мейрамхана, дәмхана, асхана иелері сауда салығын 6%-ға арттыруға қарсы шықты

Мемлекеттік органдар салықтың 3% болып қалуына келіспей отыр

 Еркеғали Болатұлы 14.12.2022 | 15:54
фото: Тұрар Қазанғапов

Елімізде келесі жылдан бастап бөлшек сауда салығын 6%-ға арттыру жоспарланған еді. Биліктің бұл шешіміне мейрамхана, дәмхана және асхана иелері қарсы. Олар егер салық артса, халық үшін де дәмханалар желісінің қымбаттайтынын алға тартып отыр.

Біз оның тұрақты 3% болып қалуын сұраймыз. Еңбегімізді толықтай ақтап, әрбір адамға пайдамыз тисе дейміз. Біз әрбір қызметкеріміздің жұмысын толық заңдастырып, оның жалақысына салынатын салықты азайтуын қалаймыз, - деді Қазақстан қоғамдық тамақтану қауымдастығының төрағасы Гүлбану Майғарина.

Бұл мәселе бойынша «Атамекен» ҰКП жанынан арнайы жұмыс тобы да құрылған. Алайда палата сауда департаментінің басқарушы директоры Әсет Айтбаевтың айтуынша, қазір шенеуніктермен келіссөздер жүргізу қиындап кеткен.

«Мұның бәрін егжей-тегжей талқылап жатырмыз. Дәл қазір нақты шешім жоқ. Барлығы 3%-ды талап етіп отыр. Ұлттық палатаның да ұстанымы – 3%-ды қалдыру. Бірақ әзірге мемлекеттік органдар бұған келіспей отыр», - дейді ол.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама