×

Инфляция соңғы 14 жылда болмаған деңгейге жетті – мемлекет басшысы

Қазір бұл көрсеткіш – 20%

 Дәурен Ерболат 12.12.2022 | 10:52
Фото: kazvedomosti.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқавев Қазақстандағы қымбатшылыққа қатысты пікір білдірді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бүгін еліміздің биылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқталамыз. Алда тұрған басты міндеттерді айқындаймыз. Қордаланған мәселелер аз емес. 11 айда экономиканың өсімі 4,6 пайыздан 2,7 пайызға дейін төмендеді. Инфляция соңғы 14 жылда болмаған деңгейге жетті. Қазір бұл көрсеткіш – 19,6%. Мұндай ахуал жұрттың табысына және әл-ауқатына кері әсерін тигізіп отыр, – деді мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Оның айтуынша, жуырда өткен президент сайлауы – бұл халықтың бізге артқан зор сенімі және қолдауы.

«Азаматтарымыз нақты оң өзгерістер бүгін және қазір болады деп үміттеніп отыр. Осы үміт пен сенімді ақтау – алдымызда тұрған ең басты міндет әрі қастерлі парыз. Сондықтан сайлау алдындағы бағдарламаны жүзеге асыру үшін арнайы жоспар қабылданды. Барлық іс-шара уақтылы және толық орындалуы керек. Әрбір министрдің, әкімнің жұмысы статистикамен, есеп-қисаппен емес, нақты нәтижемен өлшенетін болады», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама