×

Елімізде гүл бизнесі 44,2 млн долларды құрады

Қазақстан гүлдерді көбінесе сырттан сатып алады екен

 Қымбат Елтайқызы 05.03.2022 | 09:00
фото: ашық дереккөзден

Гүлдердің сауда-саттығы 44,2 млн долларды құрады. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі мәлімдеді.

Сауда және интеграция министрлігі елімізде кесілген гүлдер мен бүршіктердің тауар айналымы 2021 жылы 44,2 млн долларды құрады деп хабарлайды. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 34,3%-ға жоғары (32,9 млн доллар), – дейді СИМ.

Өз кезегінде, Қазақстанның гүл экспорты 2021 жылы 18,6%-ға төмендеп, 2,4 млн долларды құрады.

«Еліміз гүлдердің келесі түрлерін экспорттайды: раушан - 1,6 млн доллар (үлесі 66,5%), қалампыр – 293,8 мың доллар (12,1%), басқа да кесілген гүлдер мен бүршіктер – 257,7 мың доллар (10,6%), хризантемалар – 210,8 мың доллар (8,7%), лалагүлдер – 24,1 мың доллар (1,0%), гүл шоқтары немесе сәндік мақсаттар үшін кесілген гүлдер мен бүршіктер – 14,1 мың доллар (0,6%), орхидеялар – 8,9 мың доллар (0,4%), ранункулус – 4,2 мың доллар (0,2%)», – делінген ақпаратта.

Өз кезегінде, 2021 жылы Қазақстанға гүл импорты 39,6%-ға өсіп, 41,8 млн долларды құрады.

«Еліміз раушандарды импорттайды - 28,4 млн доллар (үлесі 68,0%), өзге де кесілген гүлдер мен бүршіктер – 5,0 млн доллар (12,0%), хризантема – 4,8 млн доллар (11,4%), лалагүлдер – 1,4 млн доллар (3,3%), қалампыр – 1,1 млн доллар (2,7%), сіңірілген немесе басқа тәсілдермен өңделген гүлдер мен бүршіктер – 819,7 мың доллар (2,0%), орхидеялар – 158,4 мың доллар (0,4%), ранункулус – 65,8 мың доллар (0,2%)», – дейді ведомство.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама