×

Тоқаев елімізге Ресейден инвестиция тарту жалғаса беретінін айтты

Қазақстанда 17 мың ресейлік және бірлескен компаниялар жұмыс істеп жатыр

 Еркеғали Болатұлы 28.11.2022 | 17:50
фото: ашық дереккөз

Қазақстан билігі елге Ресейден инвестиция тартуды жалғастырады. Бұл туралы бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Орынборда өтіп жатқан өңіраралық форумда мәлімдеді.

Мемлекет басшысы ресейлік инвестицияны қорғау үшін барлық шаралар атқарылатынын айтты.

Екі ел арасындағы тауар айналымы өсіп келеді. Бірлескен жобалар жүзеге асырылуда, өзара есеп айырысуда ұлттық валютаның үлесі артты. Өткен жылы екі ел арасындағы сауда көлемі рекордтық көрсеткішке жетіп, 24,5 миллиардты құрады. Соңғы 9 айда өсім 5 пайызды көрсетті, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ ол қазір Ресейге шығарылатын қазақстандық экспорт ассортименті кеңейіп, құны 100 мың долларға жеткенін атап өтті. Айтуынша, Қазақстанда қазір 17 мың ресейлік және бірлескен компаниялар жұмыс істеп жатыр. Сондықтан Ресейдің Қазақстанға бағытталған инвестициясы жыл сайын артып келеді.

Бұған дейін РФ президенті Владимир Путин Ресей Қазақстанның ірі инвесторының бірі екенін және солай қала беретінін айтқан еді. Қазір олардың бізге бағыттаған инвестиция көлемі – 17 млрд доллар шамасында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама