×

Жол мен құрылыс саласында білікті мамандар тапшы – ИИДМ

11 жылда салада тек 3 докторант дайындалған

 Дәурен Ерболат 28.11.2022 | 15:41
Фото: akchabar.kg

Қазақстанда жол мен құрылыс саласында білікті мамандар тапшы. Бұл туралы Леонид Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институтының бірінші проректоры Гүлсім Еспаева айтты, деп хабарлады Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.

Бүгінде кадр тапшылығы сезіледі. Бұл жол мен құрылыс саласындағы мамандықтарға түлектердің аз түсуімен байланысты. «Көлік құрылысы» бағыты бойынша бар-жоғы 8 университет маман дайындайды, - деді Гүлсім Еспаева Kaztraffic-2022 халықаралық көрмесі аясында өткен пленарлық отырыста.

«Қазжол ҒЗИ» АҚ президенті Арман Әлібаев бұл пікірді қолдады. Оның айтуынша, жол мамандары жетіспеушілігінің басты себебінің бірі – «Автожолдар мен әуеайлақтар құрылысы» мамандығын «Сәулет және құрылыс» бағытына қосу болып саналады. Салдарынан болашақ жолшылар өз мамандығы бойынша тиісті деңгейде білім ала алмайды. Осылайша, саладағы білікті мамандардың саны күрт төмендеген.

Ұзақ жылдар бойы «Көлік құрылысы» мамандығы бойынша докторантураға бірде-бір білім гранты бөлінген жоқ. 11 жылда небәрі 3 докторант дайындалды. «Көлік құрылысы» дайындық бағытын жеке ашып, топтарға бөлу қажет, – деді Гүлсім Еспаева.

Сарапшылардың пікірінше, Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты жол саласы қызметкерлерін даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру бойынша оқу орталығының жұмысын жандандыру керек. Онда тек студенттер емес, тәжірибелі мамандар да білімін шыңдай алуы шарт.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама