×

Қазақстан мен Өзбекстан өзара сауда-саттықты арттырмақ

Екі елдің басшылары жаңа сын-қатерлерді бірігіп еңсермек

 Халық үні 03.03.2022 | 15:00
фото: ашық дереккөзден

Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті.

Мемлекет басшылары қазіргі геосаяси ахуалдың шиеленісуі жағдайындағы сауда-экономикалық байланыстардың жай-күйін егжей-тегжей талқылады, – дейді Ақорда.

Тараптар Мирзиёевтің Қазақстанға мемлекеттік сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асырудың маңызды екенін атап өтті.

«Президенттер екі ел үкіметтерінің екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыруға, сондай-ақ жаңа сын-қатерлерді еңсеруге бағытталған алдағы іс-қимылдары жөнінде уағдаласты», – делінген ақпаратта.

Бұған дейін Тоқаев және Путин Украина жайында сөйлескен болатын. Одан кейін Мемлекет басшысы Украина президентімен пікір алмасқан еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама