×

Қазақстан мен Қытай кеден бекеттерінің өткізу қабілеті 8 есе артады

Шекарада сапалы және уақтылы бақылау жүргізіледі

 Дәурен Ерболат 01.11.2022 | 16:42
Фото: ҚМ

Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Nuctech Company Limited компаниясының вице-президенті Ван Юньганмен кездесті деп хабарлады Қаржы министрлігі.

Үкімет басшысының орынбасары Қазақстан-Қытай қарым-қатынасының бүгінгі деңгейі ұзақ жылдар бойы атқарылған еңбектің нәтижесі екенін жеткізді.

Бүгінде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының қазақстандық учаскесінде орналасқан 9 автомобиль және 1 темір жол өткізу пунктін және Астанадағы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің бас диспетчерлік басқармасын жаңғырту және техникалық жарақтандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде өткізу пункттерінің өткізу қабілеті 8 есеге өседі, - деп жазылған хабарламада.

Қос тарап бұл мемлекеттік шекарада сапалы және уақтылы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін маңызды инфрақұрылымдық жоба екенін атап өтті.

Жаңғырту қорытындысы бойынша өткізу пункттерінің инфрақұрылымдық мәселелері шешіліп, шекарадан өту кезінде мемлекеттік бақылау түрлерін жүргізудің барлық бизнес-процесін автоматтандыру жөніндегі міндеттер іске асырылады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама