×

Қаңтардан бастап Қазақстанға келген шетелдіктер туристік жарна төлеуге міндетті

Оның мөлшерін жергілікті атқарушы органдар белгілейді

 Еркеғали Болатұлы 01.11.2022 | 10:53
фото: ашық дереккөз

Үкімет қаулысына сәйкес, мұндай төлем туристердің орналасқан аумағында әрбір тәулік үшін алынады. Тек қала мен аудандардағы хостел, қонақжай және жалға берілетін үйлер есептелмейді.

Қаңтардан бастап туристік жарна 5%-дан аспайды. Жалпы оның мөлшерін жергілікті атқарушы органдар белгілейді. Сәйкесінше, ақша жергілікті бюджетке түседі.

Төлем маусымға байланысты өзгеруі де мүмкін. Туристік операторлар шетелдіктерді орналастырып, жеке басын куәландыратын құжаттарды көрсеткен жағдайда міндетті төлемді алады.

Бастысы, оларға жарна төлейтінін алдын ала ескерткен маңызды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама