×

Ұлыбритания Ресейдің газын сатып алуды толығымен тоқтатады

Алдағы уақытта ағылшындар көгілдір отынды АҚШ-тан алуы мүмкін

 Дастан Жұмабекұлы 31.10.2022 | 13:12
фото: ашық дереккөз

Ұлыбритания Үкіметі 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ресейден сұйытылған табиғи газды импорттауға тыйым салады.

Ұлыбритания 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ресейден сұйытылған табиғи газды импорттауды толығымен тоқтатып, дүние жүзіндегі елдерге ресейлік газға тәуелділікті азайтуға көмектеседі. Біз Путинді заңсыз соғысты қаржыландыру мүмкіндігінен айырамыз, –  делінген хабарламада.

Bloomberg агенттігінің хабаралуынша, Ұлыбритания Үкіметі елге отын жеткізетін мемлекеттерді іздестіріп жатыр. Алдағы уақытта ағылшындар сұйытылған табиғи газды АҚШ-тан алуы мүмкін. Ол үшін 20 жылдық келісім-шарт жасау жоспарланып отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама