Қазақстан Бейжің олимпиадасына қанша қаржы жұмсады

Қымбат Елтайқызы

Ел спортшылары қысқы ойындардан медальсіз қайтқан еді

фото: Halyq Uni

Ұлттық Олимпиада комитетінің бас хатшысы Андрей Крюков төртжылдықтың басты бәсекесіне қатысуға 248 млн теңге жұмсалғанын жеткізді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Оның 107 млн теңгесі чартерлік рейстер ұсынған Air Astana компаниясына бөлінді. Командаларды дүбірлі додаға дайындауға 789 млн теңге жұмсалды. Дайындық жұмыстары мен жарыстарға 234 жаттықтырушы және спортшы қатысты. Бір қатысушының орташа шығыны 15 млн теңгені құрады, - деді бас хатшы.

Қазақстан қоржынға бір де бір медаль сала алмады. Кейін медальсіз қалған спортшылар қанша сыйақы алатыны белгілі болды.

Қытайдағы жарыс 4-20 ақпан аралығында өтті. Еліміздің командасы спорттың сегіз түрінен бақ сынады. 109 медаль жиынтығы сарапқа салынды.

Әлемдік сайыстың ашылу рәсіміне Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты. Бұған қоса спортшылардың киім үлгісі үздіктер қатарына енді.