×

Олимпиададан медальсіз қайтқан қазақстандық спортшылар қанша сыйақы алды

Спортшылардың киім үлгісі үздіктер қатарына енген болатын

 Халық үні 21.02.2022 | 09:00
фото: ашық дереккөзден

Бейжіңде өткен қысқы ойындар аяқталды.

Отандастарымыз арасында жүлдеге бір табан жақын болған, жарыстың ашылу салтанатында еліміздің көк туын ұстап шыққан шорт-трекші Абзал Әжғалиев болды. Ол 500 метр қашықтықта мәре сызығын төртінші болып кесті.

Сонымен қатар Қазақстан құрамасы сапында Абзал Әжғалиев, Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Ольга Тихонова және Яна Хвандар командалық есепте бесінші орын иеленді.

Осылайша, Әжғалиев Бейжіңдегі нәтижесі үшін 40 000 АҚШ доллар (17,1 миллион теңге) алады. Ал қалған шорт-трекшілер 10 000 доллардан (4,1 миллион теңге) ие болады. Сайыс қорытындысы бойынша, еліміздің спортшылары мен бапкерлеріне 140 мың доллар (60 миллион теңгеге жуық) бөлінеді, – дейді vesti.kz.

Жалпы, биылғы әлемдік додада отандастарымыз алтын алған жағдайда 250 мың доллар, күміс жүлде үшін 150 мың, қола медальға 75 мың доллар алар еді. Бұнымен қоса төртінші, бесінші әрі алтыншы орын алған спортшылар – 50 мың, 10 мың және 5 мың АҚШ доллар алады.

Атап өтсек, Қазақстан құрамасы төртжылдықтың басты бәсекесінде қоржынға бір де бір медаль сала алмады.

Қытай Олимпиадасы 4-20 ақпан аралығында өтті. Еліміздің командасы спорттың сегіз түрінен бақ сынады. 109 медаль жиынтығы сарапқа салынды.

Қысқы ойындардың ашылу рәсіміне Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты. Бұған қоса спортшыларымыздың киім үлгісі үздіктер қатарына енді. Жарыста роботтар қызмет көрсетіп жүргені де белгілі болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

«Ер адамның дене пішіні әйелге ұқсап бара жатыр»: дәрігер пластик бөтелкеден су ішудің салдары барын ескертті

Пластик құрамындағы бисфенол тағам, су арқылы ағзаға өтіп, ксеноэстроген гормонына айналады
27.05.2023 | 21:37

Солтүстік Қазақстанда малшы найзағай түсіп қайтыс болды

Қайғылы жағдай болған 25 мамыр күні ол мал бағып жүрген
27.05.2023 | 20:52

СҚО-да әкім журналиске берген сұхбатынан кейін ауруханаға түсіп қалды

Жұмағұловтың айтуынша, әкім аурухананың инсульт орталығында жатыр
27.05.2023 | 19:54

Ақтөбеде аламан бәйге өтті

Турнирге еліміздің бірнеше өңірінен 62 шабандоз қатысты
27.05.2023 | 17:08