×

Бейжің олимпиадасы: Қазақстан медальсіз қалды

Ел құрамасы қысқы ойындарда қоржынға бір де бір медаль сала алмады

 Қымбат Елтайқызы 19.02.2022 | 18:59
Фото: akorda.kz

Қазақстан құрамасы қысқы олимпиада ойындарында қоржынға бірде-бір медаль сала алмады, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Бейжіңдегі қысқы олимпиада ойындарына әлемнің 91 елінен келген 4 мыңға жуық спортшы қатысты. Онда спорттың 7 түрінен (15 пән бойынша) 109 медаль сарапқа салынды. Алайда, олимпиадада жеңіс тұғырына көтерілу бақыты тек 29 елдің спортшыларына бұйырды.

Қалған 62 елдің спортшылары тек сынға түсіп, қоржыны бос қайтты. Бұл тізімде Қазақстан спортшылары да бар.

Олимпиадада ойындарында Қазақстанның намысын 34 спортшы қорғады. Олар 8 спорт түрі бойынша: спорттың шаңғы жарысы, фристайл-могул, шаңғы акробатикасы, тау шаңғысы, шаңғымен секіру, биатлон және шорт-трек тбойынша сынға түсті. Өкінішке қарай, 34 спортшының ешқайсы жүлделі орынға ие бола алмады.

Бейжіңде өткен қысқа олимпиадада медаль жиынтығы бойынша алғашқы бестікке Новегия (16 алтын, 8 күміс, 13 қола), Германия (12 алтын, 10 күміс, 4 қола), Қытай (9 алтын, 4 күміс, 1 қола), АҚШ (8 алтын, 10 күміс, 7 қола), Швеция (8 алтын, 5 күміс, 5 қола) мемлекеттері енді.

Қытайдағы жарыс 4-20 ақпан аралығында өтеді. Еліміздің командасы спорттың сегіз түрінен бақ сынады. Төртжылдықтың басты бәсекесінде 109 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Олимпиаданың ашылу рәсіміне Қасым-Жомарт Тоқаев қатысқан болатын. Бұған қоса спортшыларымыздың киім үлгісі үздіктер қатарына енген еді. Жарыста роботтар қызмет көрсетіп жүргені де белгілі болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Абай облысында ерлі-зайыпты қылмыс үстінде ұсталды

Жарма ауданында аса ірі көлемде есірткі саудалаған әйелі мен күйеуі «Алматы-Семей» тасжолында көлікпен келе жатқанда ұсталды
21.03.2023 | 19:50

Маңғыстау облысында 12 ауыл ауыз сумен қамтылды

Өңірде су тапшылығы мәселесі өзекті болып отыр
21.03.2023 | 17:35

Алматыда студент жарылғыш құрылғы жасырылғаны туралы 4 рет хабарлама жіберген

Дәлелдемелерді ұсынғаннан кейін ол өз кінәсін мойындады
21.03.2023 | 16:39

Асыл тұқымды тазы өсіруші президентке тазының күшігін сыйлады (ВИДЕО)

Мемлекет басшысы тазы иттердің көрмесін тамашалады
21.03.2023 | 15:44