×

Бейжің-2020: Қазақстандық спортшылардың киім үлгісі үздіктер қатарына енді

Бұл тізімге АҚШ, Канада, Ресей, Қытай, Швеция мен Германия да кірді

 Қымбат Елтайқызы 04.02.2022 | 15:30
фото: forbes.com

Ел құрамасының киімі Бейжің Олимпиадасындағы ең әдемі формалар қатарынан табылды.

Халықаралық Олимпиада комитеті 2022 жылғы ойындардағы ұлттық командалардың ең стильді формаларын назарға ұсынды. Олардың қатарында қазақстандық атлеттердің эпикировкасы да бар.

Қазақстан сән бойынша сынақ тапсырды». ХОК ұсынған тақырып осындай. «Ақ және көк түстер мұз бен қарды белгілесе, қара түс сәттілік түсі саналады, - деді Халықаралық Олимпиада комитеті. 

Сондай-ақ, ХОК Forbes журналының пікірін де еске салды. Олар отандық спортшылардың эпикировкасын сәнді киімдер қатарына қосты. Америкалық басылым еліміздің олимпиадалық формасын ең әсем эпикировкалар қатарына жиі енгізеді. Былтырғы жазғы ойындарда да Forbes Қазақстан командасының формасын үздіктер қатарына қосты. 

Халықаралық Олимпиада комитеті елімізбен қатар, АҚШ, Канада, Ресей, Қытай, Швеция мен Германия олимпиадашыларының образын да ерекше атап өтті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Алматы мәслихатына сайланған депутаттардың аты-жөні белгілі болды

Қала бойынша Amanat партиясы 51,94% дауыс жинады
24.03.2023 | 17:05

Ресей мен Беларусь хоккейден 2024 жылғы әлем чемпионатына жіберілмеді

Ұйым басшылығы спортшыларды жарыстарға қатыстырудың өзі қауіпсіздікке залал келтіреді деп санайды
24.03.2023 | 16:53

Атырауда трамадолды шамадан тыс қолданған спортшы суицид жасады (ВИДЕО)

Бұл препарат Украина, Ресей, Өзбекстан, Беларусь мемлекеттерінде есірткілердің тізіміне енгізілген
24.03.2023 | 16:32

Роналду жаңа рекорд жасады

Португалияның футболшысы ресми матчтарда 100 гол салды
24.03.2023 | 16:23