×

Тоқаев Қашағандағы газ өңдеу зауытының құрылысын жеделдетуді тапсырды

Заңнамаға тиісті өзгерістер жыл соңына дейін енгізіледі

 Ая Өміртай 08.10.2022 | 15:15
фото: ашық дереккөз

Президент «QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Санжар Жаркешовті қабылдады деп хабарлады Halyq Uni.

Мемлекет басшысына ішкі нарықты тауарлық газбен қамтамасыз етуге басымдық беру жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы туралы есеп берілді.

Санжар Жаркешов Қасым-Жомарт Тоқаевқа газ саласын дамытудың кешенді жоспарының жүзеге асырылу барысын баяндады. Аталған жоспарда ресурстық базаны кеңейту, еліміздегі газ тасымалдау инфрақұрылымын жаңғырту және газ саласын реформалау мәселелері қамтылған. Заңнамаға тиісті өзгерістер жыл соңына дейін енгізіледі.

«Мемлекет басшысы газ саласын дамытудың кешенді жоспарын одан әрі жүзеге асыруды жалғастыру және Қашаған кен орнында салынып жатқан газ өңдеу зауытының құрылысын жеделдету жөнінде тапсырма берді», - делінген Ақорданың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама