×

Алматыда бір отбасы жол апатынан зардап шекті

Оқиға жаяу жүргіншілер өткелінде болды

 Динара Амантай 02.10.2022 | 14:22
Фото: zakon.kz

Алматы қаласының Наурызбай ауданында жаяу жүргіншілер өткелінде жол-көлік оқиғасы болды. Салдарынан бір отбасының төрт мүшесі ауруханаға жатқызылды, бір бала туыстарына берілді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Ақпараттық сайттың мәліметінше, Subaru Legacy жүргізушісі Алатау көшесімен солтүстік бағытта келе жатқан. Салонда оның әйелі мен 2006, 2008 және 2014 жылы туған үш баласы болған. Subaru көлігінің артынан HOWO бетон араластырғыш машинасы келе жатқан.

Субару жүргізушісі Райымбек даңғылына жетпей жаяу жүргіншілер өткелінің алдына тоқтап, адамдарды өткізіп жіберген. Артында келе жатқан жүк көлігінің жүргізушісі тежегішті басқанымен, тоқтап үлгермей Субаруды ілмектеп, аударып жіберді.

Оқиға орнына келген дәрігерлер ер адам мен әйелді, сондай-ақ 2006 және 2008 жылы туған екі баланы ауруханаға жатқызды. Зардап шеккен 2014 жылы туған бала туыстарына тапсырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Шымкент дәмханасында Нигерия азаматын ұрған қазақстандық ұсталды

Түлкібас тұрғынына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды
02.12.2022 | 13:46

Алматыда жанармай құю бекетін тонаған адамдар ұсталды

Күдіктелер бетперде киіп, қолдарында шеге суырғыш пен балта ұстап, кассир мен күзетшіні қамап тастаған
02.12.2022 | 13:34

«Айдос Ербосынұлының комаға түсуіне бапкері кінәлі». Мұхит Амантаев нокаутқа түскен кәсіпқой боксшы туралы айтты

«AQ сөйле» жобасының кезекті қонағы - Qazaq boxing залының жаттықтырушысы Мұхит Амантаев
02.12.2022 | 12:55

Хаменова мен Рысқалиев сотқа апелляциялық шағым түсірді

Бақытгүл Хаменова соттағы соңғы сөзінде өзін ақтауды сұраған еді
02.12.2022 | 12:20