×

Ресейліктер Қазақстанның елшіліктеріне барып, халыққа алғыс айтып жатыр

Олар отандастарына көмек көрсетіліп жатқаны үшін ризашылықтарын білдірді

 

 Дастан Жұмабекұлы 29.09.2022 | 16:56
фото: twitter.com

Ресейліктер еліміздің Лондон мен Мәскеуде орналасқан елшіліктеріне барып, Қазақстан азаматтарының отандастарын жерде қалдырмай, көмек көрсетіп жатқаны үшін гүл шоқтары мен алғыс хаттар әкеліп жатыр.

Бұл туралы мәскеулік журналист Александра Астахова хабарлады.

Ол Қазақстанның Ресейдегі елшілігіне барып, гүл шоқтары мен алғыс хатты тапсырғанын жазды. Онда журналист «Қазақстан! Мейірімділігің үшін рақмет! Біздің ер-азаматтарды паналатқаныңа рақмет», деген алғыс хат қалдырған.

Сондай-ақ, Ұлыбританияның астанасы Лондон қаласында орналасқан ғимарат алдында ресейліктердің бір жұмадан бері Қазақстанға алғыс ретінде елшілікке гүл шоқтарын, хаттар мен плакаттарды қалдырып жатқаны көрсетілген. Плакаттарда «Көп рахмет» және «Thank you» деген алғыс сөздері бар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама