×

Тәрбиешілердің жалақысын көбейтуді қарастырылып жатыр –  Аймағамбетов

Қазір бірнеше балабақшада еңбекақы төлеу жүйесі сынақтан өткізіліп жатыр

 Дастан Жұмабекұлы 23.09.2022 | 18:08
фото: ашық дереккөз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдауында тәрбиешілердің әлеуметтік мәртебесін, жалақысын көтеру, сондай-ақ олардың жұмыс жүктемесін азайту бойынша шаралар қабылдауды тапсырды. Осыған байланысты тәрбиешілердің жалақысын көбейту және жүктемесін азайту бойынша шаралар қабылданып жатыр.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

«Қазіргі уақытта бірнеше балабақшада пилоттық жоба іске асырылуда, тәрбиешілердің еңбегіне ақы төлеу жүйесі сынақтан өткізілуде. Тәрбиешінің жүктемесін азайтуға келсек, бүгінде түске дейін бір тәрбиеші, түстен кейін екінші тәрбиеші жұмыс істейді. Бірақ ол бірден 25 баламен жұмыс істейді. Ал халықаралық тәжірибеге қарайтын болсақ, онда бір тәрбиешіге одан аз баладан келеді. Сондықтан жүктемені де азайтуымыз керек. Сәйкесінше, балаға деген қамқорлық та, тиісті жұмыстың да тиімділігі артады», –  деді министр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама