×

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы: үш жылда 800 мыңнан астам оқушы орны ашылады

Үш ауысымда оқу, апаттық жағдайдағы мектеп пен орын тапшылығы мәселесі шешіледі

 Дастан Жұмабекұлы 23.09.2022 | 17:53
фото: ашық дереккөз

Мемлекет басшысы өз Жолдауында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру жөнінде тапсырма берді. Жоба аясында 2025 жылға дейін 800 мыңнан астам оқушы орнын ашу көзделген.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті.

«Заманауи, жақсы мектептер көп салынады. Елімізде барлық талаптарға сәйкес келетін мектеп орындары салынады. Жобаның басты ерекшелігі – оның сапасы. Бұған дейін салынған мектептермен салыстырғанда, «Жайлы мектеп» жобасы шеңберінде мектептер толығымен білім беру бағдарламаларына сәйкес барлық құрал-жабдықтармен қамтылады. Сондай-ақ бастауыш және жоғары сынып оқушылары үшін жеке блоктар көзделеді. Тиісінше, олар жеке спорт залдарымен, асхана және оқу кабинеттерімен қамтамасыз етіледі. Бұл жоба қазіргі үш ауысымды мектептер, апаттық жағдайдағы мектептер, жалпы, орын тапшылығы мәселесі шешіледі», –  деді министр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама