×

2 жастан 6 жасқа дейінгі балалар балабақшамен қамтылады

Биыл 40 мыңға жуық орын ашылады

 Дастан Жұмабекұлы 23.09.2022 | 17:47
фото: ortcom.kz

Елімізде 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі сапалы біліммен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданатын болады.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

«Мемлекет басшысы министрліктің алдына балаларды 2 жастан бастап балабақшамен қамту міндетін қойды. Бүгінгі күні кезекте тұрған балалар санынан есептегенде 2-6 жастағы балаларды қамту 88 пайыз болды. Балаларға жақсы білім беруіміз керек. Осы мәселе бойынша тиісті жұмыс жүргізіліп, келесі жылғы бюджетке мемлекеттік тапсырыс беру үшін қосымша қаражат қарастырылып отыр. Биылдың өзінде 300-ден астам жаңа балабақша салынып, 40 мыңға жуық орын ашылады деп күтілуде», –  деді Оқу-ағарту министрі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама