×

Президент Қазақстан футболшыларын жеңісімен құттықтады

Қазақстан өз алаңында Беларусь құрамасын жеңді

 Динара Амантай 23.09.2022 | 09:32
Фото: egemen.kz

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан футбол құрамасын жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Бүгін Беларусь командасын жеңген футболшыларымыз Ұлттар лигасындағы өз тобында жеке-дара көш бастады. Бұл – отандық футболдың зор жетістігі. Ұлттық құрамамызды құттықтаймын! Жеңістен жеңіске жете беріңіздер! – деп жазды Тоқаев Twitter парақшасында.

Еске сала кетсек, Қазақстан өз алаңында Беларусь құрамасын жеңіп, UEFA Ұлттар лигасының В дивизионына жолдама алды.

Екі құрама бұған дейін бір-бірімен алты ойын өткізген.

Оның екеуі тең нәтижемен аяқталса, қалғанында беларусьтер жеңіске жеткен еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама