×

Қазақстан өз алаңында Беларусьті жеңіп, UEFA Ұлттар лигасының В тобына жолдама алды

Қазақстандық футболшылар алдағы маусымда В тобында өнер көрсетуге мүмкіндік алды

 Халық үні 22.09.2022 | 22:51
Фото: instagram.com/kff_team

Футболдан Қазақстан құрамасы UEFA Ұлттар лигасының бесінші турында Беларусь құрамасын жеңіп, В тобына жолдама алды, деп хабарлайды azattyq-ruhy.kz.

Қазақстан мен Беларусь құрамасы бұған дейін бір-бірімен алты ойын өткізген. Оның екеуі тең нәтижемен аяқталса, қалғанында беларусьтер жеңіске жеткен еді.

Оған қоса турнир кестесінде қазақстандық футболшылар көш бастап тұрса, беларусьтік құрама небәрі екі ұпаймен төртінші орында келе жатқан болатын.

Айта кетсек, бүгін қазақстандық футболшылар жеңіске жетсе, құрамасы алдағы маусымдағы Ұлттар Лигасында В дивизионында Еуропаның алдыңғы қатарлы құрамаларымен сынға түсуге мүмкіндік алады. Оған қоса 2024 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу ойындарына қатысуына жол ашылатыны айтылған болатын.

Бүгінгі тартысты өткен ойынның нәтижесінде Қазақстан қарсыласын 2:1 есебімен жеңді.

Нәтижесінде алдағы маусымда В тобында өнер көрсетуге мүмкіндік алды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама