×

Неміс қызы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беріп жүр

Қазір ол Көкшетау қаласы жас педагогтер одағының төрайымы

 Еркеғали Болатұлы 21.09.2022 | 17:00
фото: видеодан скриншот

Елімізде қазақ тілін жетік меңгерген өзге ұлт өкілі көп. Солардың бірі – Карина Роот. Ол мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, қолданыс аясын кеңейтуге үлес қосып жүр. «Тілге құрмет – біздің міндет» дейді неміс қызы.

Карина қазақы ортада тәрбиеленгендіктен, мемлекеттік тілді тез меңгерген. Қазір өзі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Қазақ ортасында өскендіктен тез үйреніп, қазақ мектебін бітірдім. Сонымен қатар, бүгінде мен Көкшетау қаласы жас педагогтер одағының төрайымымын. Яғни, жас педагогтерге қиындықтарды шешуге қол ұшымды беремін, - деді Карина Роот «Астана» телеарнасына берген сұхбатында.

Ол ұстаз болуды бала кезінен армандаған екен. Ұлты басқа болса да тілі қазақ неміс қызы «Қазақстанда өмір сүретін әр адам мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру үшін қолдан келгенше аянбау керек» деп санайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама