×

Ажар Ғинаяттың өзі пневмониямен ауыратын баланы «ішек инфекциясынан» емдеген

Ол баланың жағдайы жақсарғанша жансақтау бөлімінен шықпаған

 Еркеғали Болатұлы 19.09.2022 | 15:34
фото: ашық дереккөз

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинаят өзінің дәрігер ретіндегі алғашқы қателігін есіне түсірді. Айтуынша, ол пневмониямен ауыратын баланы «ішек инфекциясынан» емдеген.

Баланы ішек инфекциясынан емдедім. Қызу түсті, барлығы жақсы. Үшінші күні тағы да бірден қызуы көтеріліп кетті. Әлі есімде. Сол кезде әріптестеріме жүгініп, баланы бірге қарадық. Мен ішек инфекциясынан емдегенмін, ал балада төменгі бөлік пневмониясы екен, – деді министр.

Сөйтіп ол баланың жағдайы жақсарғанша жансақтау бөлімінен шықпаған. Қуанышқа орай, науқас әзер аман қалыпты.

Қазір Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерінің қателігінен зардап шеккендерге өтемақы Ол үшін медицина қызметкерлерінің қызметін міндетті сақтандыру енгізілуге тиіс.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама