×

Қазақстанда емханаға тіркеу науқаны басталды

Акция 15 қыркүйек пен 15 қараша аралығында болады

 Дастан Жұмабекұлы 15.09.2022 | 14:11
фото: ашық дереккөз

Бүгін елімізде алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымына еркін тіркелу науқаны басталды.

Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры хабарлады.

Биыл алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін 626 медициналық ұйым Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен шарт жасасты. Емхана таңдауда ескере кететін бір нәрсе – ол үйден 15-20 минут уақытта жаяу жететін жерде орналасу керек. Барлық емханалар аумақтық қағидат бойынша жұмыс істейді және пациент емхананың қызмет көрсету аумағында тұрған кезде ғана үйде медициналық көмек көрсетіледі. Бұл учаскелік дәрігердің немесе мобильді бригаданың көмегі қажет болған жағдайда оның жедел жетуіне, сондай-ақ, отбасы мүшелерінің бір дәрігерге қаралуына мүмкіндік береді.

Емханағаwww.egov.kz сайтындағы»Денсаулық сақтау» бөлімінде «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелу» қызметін таңдап, тіркелуге болды. Әрі қарай электрондық өтініштің барлық жолдарын толтыру қажет. Пациент туралы мәліметтерді емхана мемлекеттік ақпараттық жүйелерден автоматты түрде алады. Жауап дұрыс болған жағдайда медициналық ұйымға тіркелгеніңіз туралы хабарлама беріледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама