×

Қостанай облысында 100 миллион теңгеге жуық субсидия ұрланды

Ол қаржы картоп тұқымын сатып алу үшін бөлінген

 Динара Амантай 12.09.2022 | 15:57
Фото: dalanews.kz

Қостанай облысында 96 млн теңге сомасында бюджет қаражатын ұрлау фактісі анықталды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

ҚМА Қостанай облысы бойынша департаменті ауыл шаруашылығы саласы субъектілерінің сенімін теріс пайдалану және алдау жолымен ауыл шаруашылығы тауарларының сапасы мен өнімділігін арттыру бағдарламасы аясында субсидия түрінде, соның ішінде картоп тұқымын сатып алу үшін бөлінген бюджет қаражатын бірнеше рет жымқырған азаматқа қатысты қылмыстық істі аяқтады, – делінген хабарламада.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама