×

Ерлан Тұрғымбаевтың Мәсімов ісіне қатысы жоқ – Бас прокуратура

Оның ісі «өте құпия» деген санатта жүргізіліп жатыр

 Дәурен Ерболат 07.09.2022 | 15:15
коллаж: Halyq Uni

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы Кәрім Мәсімовтің ісіне бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың қатысы жоқ. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Оның айтуынша, ҰҚК бұрынғы басшысының қаңтар оқиғасын ұйымдастыруға қатысы бар-жоғы әлі анықталмаған.

Соттылық әлі анықталған жоқ. Қазір іс материалдарымен танысып жатырмыз. Бұл іске Ерлан Тұрғымбаевтың қатысы жоқ, - деді Әсет Шындалиев, Мәжіліс отырысынан кейін журналистерге берген жауабында.

Сондай-ақ ол экс-министрден куәгер ретінде жауап алынғанын, процессуалдық мәртебесінің жоқ екенін атап өтті.

Айта кетейік, осыған дейін ҰҚК Кәрім Мәсімов пен орынбасарларына қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқталғанын хабарлаған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама