×

Елорданың өзінде студенттер жатақханаларының жағдайы мәз емес

Студенттердің 90 пайызы жатақханадағы жағдайды орташадан төмен деп жауап берген

 Еркеғали Болатұлы 06.09.2022 | 11:56
фото: ашық дереккөз

Елордадағы студенттік жатақханалардың бөлмелері қараңғы, жиһазы ескі, ал жуынатын бөлмеде ыстық су жоқ. AMANAT партиясы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанатының мүшелері тексеруге барған жатақханалардың бірінде осындай көріністің куәсі болған.

«Астана» телеарнасының хабарлауынша, белсенділер ол жатақханаға 20 күн бұрын бас сұғып, нысан иесіне кемшіліктерді көрсетіп кеткен. Ол кезде қожайыны каникулды сылтау етіп, бірінші қыркүйекке дейін сақадай сай боламыз деп уәде берген. Алайда содан бері ештеңе өзгермепті.

Жастар қанатының төрағасы Нұржан Жетпісбаев мониторинг кезінде студенттер арасында сауалнама жүргізілгенін айтты. Қатысушылардың 90 пайызы жатақханадағы жағдайды орташадан төмен деп жауап берген. Сондықтан белсенділер жатақханаларды аралауды әлі де жалғастырмақ.

Жалпы, елімізде 90 мыңға жуық студентке жатақханадан орын керек. Ал елордада 17 мың орын тапшы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама