×

1,1 млрд теңге: шымкенттік кәсіпкерлер мазутты заңсыз сатумен айналысқан

Олар 8 мың тоннаға жуық сұйық отынды құжатсыз өткізген

 Динара Амантай 06.09.2022 | 09:53
Фото: tarivehco.com

Шымкент қаласында екі кәсіпкер заңсыз мазут сатумен айналысқан. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

ҚМА Шымкент қаласы бойынша департамент қызметкерлері 1,1 млрд теңгеден аса сомаға 8 мың тоннаға жуық мазуттың заңсыз сатылғанын анықтады. Осылайша, екі кәсіпкер белгісіз адамдардан мазут сатып алып, әрі қарай шығу заңдылығын растайтын құжаттарсыз түрлі компанияларға мазутты заңсыз өткізген, – делінген хабарламада.

Сот үкімімен аталған азаматтар кінәлі деп танылып, оларға 2 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама