×

«Бірі – салафизм». Тарихшы қазақтың негізгі екі жауын атады (ВИДЕО)

Ұлытау облысы құрылғанда, «наймандар өзінің тәуелсіздігін алды» деп жатыр. Масқара ғой?!

 Еркеғали Болатұлы 05.09.2022 | 09:40

Белгілі тарихшы Жамбыл Артықбаев қазақ қоғамына қас болып отырған құбылыстарды атады. «Сұрауы бар» Youtube арнасына берген сұхбатында ол қазір қазақтың екі жауы бар деп мәлімдеді.

Екі дүниені бізге сырттан күштеп кіргізді. Бірі – салафизм. Сырттан адам дайындап, елге әкелді, ел ішінде жұмыстар жүргізді. Үлкен салафизмдік құрылым жасап шықты. Сириядағы соғысқа мыңдаған қазақстандықтың қатысқанына қарап, елімізде салафизмнің қаншалықты орныққанын ұға беріңіз, - дейді тарихшы.

Сондай-ақ ғалым «екінші дұшпанымыз – тарихтан қалмай, талмай келе жатқан рушылдық» деген пікірде.

Трайбализм бізде жеті атаға дейін. Сол жеті атаға дейін өзара үйленуге болмайтын тыйымды біз білуіміз керек. Ал енді алпыс алтыншы, жетпіс алтыншы атаңды білудің ешқандай қажеттілігі жоқ. Отыз жылдың ішінде жаны жоқ нәрсеге жан берілді. Ұлытау облысы құрылғанда, «наймандар өзінің тәуелсіздігін алды» деп жатыр. Масқара ғой?! Бұл – жаны жоқ нәрсе, ол конфедерациялардың заманы өтіп кеткен, - деп налыды Жамбыл Артықбаев.

Оның пайымынша, қазақ қоғамының аяқ-қолын матап отырған аталған екі ішкі проблемасына тағы бір сыртқы дұшпан қосылады. Ол – советтік тоталитарлық пиғыл.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама