×

Қостанайда 45 жастағы әйел алтын алқа үшін зейнеткерді пышақтаған

Кісі өлтіру қылмысы екі сағатта ашылды

 Дастан Жұмабекұлы 02.09.2022 | 12:24
фото: ашық дереккөз

Қостанайда еш жерде жұмыс істемейтін 45 жастағы әйел көпқабатты тұрғын үйдің кіреберісінде зейнеткерді пышақтап, алтын алқасын жұлып әкеткен.

Қостанай қаласындағы көпқабатты үйдің кіреберісінен әйел адамның мәйіті табылғаны туралы полицияға хабарлама келіп түсті. Күдікті қонақтан үйіне қайтып келе жатқан 75 жастағы зейнеткердің алтын әшекейлерін көріп, зейнеткермен бірге подъезге кіріп, оны пышақтап, мойнындағы алтын алқасын алып кеткен, –  делінген хабарламада.   

Полиция департаментінің бастығы Ерлан Омарбековтің айтуынша, қылмысты ашуға облыстың және қаланың тәжірибелі полиция қызметкерлері тартылып, кісі өлтіру қылмысы екі сағатта ашылған.

Ұсталған адамнан заттай дәлелдемелер алынды.

Қазір қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі «Пайдакүнемдік ниетпен өлтіру» бойынша соталды тергеу басталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама