×

Атырау тұрғыны жол апатын жасап, оқиға орнынан қашып кеткен

Жүргізуші айыппұл арқалады

 Халық үні 10.02.2022 | 10:30
фото: polisia.kz

Атырауда жол апатын жасап, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші айыппұл арқалады.

31 қаңтар күні сағат 09:15 шамасында 31 жастағы азамат көлік жүргізуге құқығы жоқ бола тұра, Берғалиев көшесі Темір жол ауруханасының тұсында Lada Largus көлігін басқарып, екінші дәрежелі жолдан шығып, басты жолда келе жатқан ВАЗ-2110 көлігіне соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы орын алғаннан кейін, сол жерден кетіп қалған, – дейді полиция.

Патрульдік полиция қызметкерлері аталған азаматты дереу анықтап, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабының 3-бөлімімен (көлiк жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiктердің немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген заң бұзушылығы; көлiктерді басқару құқығы жоқ не басқару құқығынан айырылған адам жасаған әрекеттер) және ҚР ӘҚБтК-нің 611-бабының 3-бөлімімен (жүргізушінің жол-көлік оқиғасына байланысты міндеттерді орындамауы) әкімшілік хаттамалар жасақталып, сот шешімімен 343 056 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Одан басқа, 1 қаңтар күні сағат 16:05 шамасында 36 жастағы азамат көлік жүргізу құқығы жоқ бола тұра, Lada Vesta автокөлігін басқарып, Геолог поселкесі Астана көшесінде жол апатын жасап, оқиға орнынан кетіп қалған.

Патрульдік полиция қызметкерлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу кезінде аталған азаматты анықтап, оған да қатысты әкімшілік хаттамалар жасақтап, айыппұл салды.

Жыл басынан бері Атырау қаласы Полиция басқармасы жол апатын жасап, оқиға орнынан кетіп қалған 72 фактіні тіркеді. Оның ішінде екеуі жүргізу куәлігін оқымаған күйде алған болып шықты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама