×

Атырау облысында ер адам әйелін балағаттағаны үшін сотталды

Бір жыл ішінде осымен екінші рет мұндай әрекетке барып отыр

 Халық үні 30.08.2022 | 20:53
фото: ашық дереккөзден

Атырау облысында әйеліне тіл тигізген ер адам әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды «Мой город» порталы.

Махамбет аудандық соты жергілікті тұрғынға қатысты істі қарады. Анықталғандай, ер адам мас болып, әйеліне былапыт сөздер айтып, тіл тигізген.
Айта кетері, ол бір жыл ішінде осымен екінші рет мұндай әрекетке барып отыр екен.

Сот шешімімен жәбірленушінің күйеуі кінәлі деп танылып, үш тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама