×

Беларусь саяхатшысы теңізге түсу үшін Ақтауға жаяу шыққан

Жолда қаражаты таусылған туристке маңғыстаулық полицейлер көмектескен

 Халық үні 29.08.2022 | 11:09
Фото: ашық дереккөздерден

Мұнайлы ауданы полиция бөлімі ППР аға қызмет инспекторы Ж.Таджибаев әдеттегідей, өзіне белгіленген аумақта қызмет атқарып жүріп, түнгі мезгілде жол бойында отырған белгісіз ер адамды байқаған, деп хабарлайды Рolisia.kz.

“Мән-жайды анықтау үшін полиция капитаны азаматтың жанына барып, қандай көмек қажет екенін сұрады. Белгілі болғандай, ер адам теңізге түсу үшін Беларусь елінен Ақтау қаласына қарай жаяу жол тартқан. Орта жолда қаражат мәселесі туындап, қиындыққа ұшыраған», - делінген хабарламада.

Полицейлер туристі қонақүйге орналастырған. Кейін тамақтандырып, теңіз жағалауына жеткізіп тастаған.

«Беларусь саяхатшысы полиция қызметкерлеріне ризашылығын білдіріп, алғысын айтты», - дейді полициядағылар.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама