×

Атырауда электросамокат айдаған 11 жастағы баланы көлік қағып кетті

Көлік жүргізушінің шетел азаматы екені анықталды

 Динара Амантай 28.08.2022 | 09:36
Фото: polisia.kz

Атырауда электросамокат айдаған 11 жастағы баланы көлік қағып кетті. Бұл туралы ІІМ-нің ресми ақпараттық порталы хабарлады.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, Атырау қаласында 27 тамыз күні сағат 16:00 шамасында 44 жастағы Mitsubishi Outlander автокөлігінің жүргізушісі Сұлтан Бейбарыс көшесінің бойында реттелмеген жаяу жүргіншілер өткелінен электросамокатпен өтіп келе жатқан 11 жастағы жасөспірім баланы қағып құлатқан.

Соққы салдарынан 11 жастағы жасөспірім облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Қазір тиісті іс-құжаттар жинақталып жатыр. Анықталған ақпараттарға сәйкес көлік жүргізушісі шетел азаматы, – делінген хабарламада.

Айта кетсек, өңірде жыл басынан бері осыған ұқсас электросамокаттың қатысуымен 3 жол-көлік оқиғасы тіркелген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама