×

7 трлн теңге қарыз. 443 мың борышкерге шетелге шығуға тыйым салынған

Сот орындаушыларындағы істің жалпы сомасы былтырғыдан 2,4 трлн теңгеге азайған

 Айнұр Шошаева 24.08.2022 | 11:42
Коллаж: Halyq Uni

Әділет министрлігінің Мәжбүрлеп өндіру департаментінің мәліметінше, биыл жеке сот орындаушылардың өндірісінде 6 трлн 881,4 млрд теңгенің 5 млн 497 ісі бар. Оның ішінде 1 млн 526 мың теңгенің 1 млн 557 мың ісін аяқтау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Ал мемлекеттік сот орындаушылардың өндірісінде 1 млрд 11 млн теңгенің 19 597 ісі бар. Оның ішінде 140 млрд 839 млн теңге болатын 10 366 істі аяқтау туралы шешім қабылдады», - делінген ведомствоның ресми сауалға берген жауабында.

Департамент статистикасына сүйенсек, қазіргі таңда сот орындаушыларының қолында қазақстандық борышкерлердің 6,9 трлн теңге қарызы бар. 

2021 жылы көрсеткіш қазіргіден де көп болған. Өткен жылы жеке сот орындаушылардың өндірісінде 8 трлн 467 млрд теңгенің 6 млн 700 мың ісі болған. Оның ішінде 3 трлн 22 млрд теңгенің 3 млн 174 мың ісін аяқтау туралы шешім қабылданған. 

Бұдан бөлек, былтыр мемлекеттік сот орындаушылардың өндірісінде тағы 34 236 іс болған, жалпы сомасы885 млрд 40 млн теңгені құрады. Бұның 289 млрд 320 млн теңге болатын 25 289 ісін аяқтау туралы шешім қабылданған.

Ведомствоның мәліметіне сүйенсек, өткен жылы сот орындаушылардың қолында қазақстандықтардың 9,3 трлн теңге қарызы болған.

Жалпы, қазіргі таңда, департаменттің мәліметінше, қарызын қайтармаған 442 746 борышкерлерге шетелге шығуға шектеу қойылған. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама