×

Украина соғыс басталғалы бері 9 мыңдай әскерінен айырылғанын мәлімдеді

Ресейдің 45 550 сарбазы жер жастанған

 Дастан Жұмабекұлы 23.08.2022 | 14:59
фото: telegraf.com.ua

Украина қарулы күштерінің бас қолбасшысы Валерий Залужный соғыс басталғалы 9 мың жауынгердің қаза тапқанын мәлімдеді.

Украина президенті кеңсесінің кеңесшісі Алексей Арестович маусым айында 10 мыңдай сарбаз қаза тапты деген болатын.

Ал, Ресей қарулы күштері Украина әскері туралы мәлімдемені соңғы рет сәуірде жариялаған. Олардың айтуы бойынша 23 367 адам қаза болған.

Украина қарулы күштері Ресейдің қаза тапқан әскері туралы мәліметті күн сайын беріп келеді. Соңғы мәліметке қарағанда, соғыста Ресейдің 45 550 сарбазы жер жастанған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама