×

ЖОО-лар жатақхана ақысын студенттің келісімінсіз көтере алмайды – министрлік

Қазақстанда жыл сайын 10 мың жатақхана орны пайдалануға берілуі керек

 Дәурен Ерболат 22.08.2022 | 18:26
Фото: Photoagency Interpress / Russian Look

Бүгінде университтер жатақхана ақысын студенттің келісімінсіз көтере алмайды. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директорының орынбасары Ержан Әмірбекұлы айтты, деп хабарлайды Halyq Unі тілшісі.

Оның айтуынша, ЖОО-дағы өзекті мәселенің бірі – шалғай ауыл, аудандардан келген балаларды жатақханамен қамтамасыз ету.

«Бұл бағытта үлкен жұмыстар атқарылып жатыр. Бүгінде Үкіметтің берген арнайы тапсырмасы бар. Соған сәйкес, жылына қосымша 10 мың жатақхана орыны қолданысқа берілуі керек. Биыл осы тапсырма аясында бірқатар жаңа нысан ашылып отыр», - деді министрлік өкілі.

Ол жатақхана ақысы айтарлықтай өспейтінін атап өтті.

Министрлік мәліметінше, өңірлердегі оқу орындарында жатақхана ақысы шамамен 10 мың теңге деңгейінде, одан көп емес. Ал жекелеген оқу орындарында баға көтерілсе, қосымша қызметтер еніп, соның құны қосылса да, тек келісімшарт негізінде баға өзгеруі мүмкін. Университет біржақты шешім ешқашан қабылдамайды. Оған талапкер немесе студент сол бағамен келісіп, қол қойғаннан кейін ғана жатақханаға орналастырылады, - деді Ержан Әмірбекұлы.

Айта кетейік, осыған дейін Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілі биыл университеттерде оқу ақысы қымбаттамайтынын айтқан еді. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама