×

Жаңа министр азық-түлікті қалай арзандататынын айтты

Ол азық-түлік бағасын көтеріп отырған делдалдармен күреспек

 Халық үні 20.08.2022 | 16:56
Фото: ашық дереккөздерден

Премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұру мәселелері бойынша кеңес өтті.

Елімізде жыл басынан бері негізгі азық-түлік бағасы 18,7 пайызға өскен. Осы орайда Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитетінің төрағасы Ержан Қазанбаев облыстардағы сауда үстемесі жөніндегі комиссиялар мен мониторингтік топтардың жұмысы туралы мәселені көтерді.

Оның айтуынша, комиссиялардың жұмысын толығымен қайта қарап, азық-түлік бағасының қалыптасуына тікелей әсер етіп отырған арадағы делдалдарды анықтау керек.

Айналым қаражатын қаржыландыру мен бөлу схемасын қайта қараймыз. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 5 түрі бойынша өндірушілермен тікелей келісімшарт жасауға көшеміз. Басты міндет — тапшылыққа жол бермей, бағаның өсу қарқынын төмендету,  — деді жаңа министр Серік Жұманғарин.

Оның айтуынша, ең бастысы азық-түлік сататын делдалдарды анықтау бойынша жұмысты күшейту керек.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама