×

АҚШ Украинаның Қырымды батыс қаруымен атқылауына келісті

 Михаил Подоляк алдағы екі-үш айда жаңа жарылыстардың болатынын мәлімдеді

 Дастан Жұмабекұлы 19.08.2022 | 14:13
фото: goodfon.ru

АҚШ Украинаға Қырымды батыстан алынған қазіргі заманғы үздік отты қарулармен атқылауға рұқсат берді.

Бұл туралы Ақ үйдің жоғары лауазымды шенеунігінің мәлімдесіне сүйене отырып «The Moskow Times» порталы хабарлады.

Әрине, нысананы біз белгілеп бермейміз, оны Украина өзі шешеді. Біз қару-жарақты өзін-өзі қорғауы үшін беріп отырмыз. Украинаның ендігі бар мақсаты украин жерінің азаттығы мен өзін өзі қорғауы болады, – деді ол.

Сонымен бірге шенеунік АҚШ-тың Қырымды Украинаның бөлінбес бір бөлшегі деп санайтынын айтты.

Өз кезегінде Украина қорғаныс министрі Алексей Резников Байден әкімшілігінің Киевтің жоспарларына келіскенін білдірді.

Бізде АҚШ-пен арада батыс қаруын Ресей территориясында қолданбау жөнінде келісім бар. Бірақ әңгіме Украинаның өз территориясы туралы болып отырғанда, бұл шектеудің ешбір күші болмайды. Ал Қырым – Украина жері, – деді ол.

АҚШ Мемлекеттік департаментінің Украинадағы бұрынғы арнайы өкілі Курт Волкердың айтуынша, Украинаның Қырымдағы Ресей әскери күштеріне ракетадан соққы берсе оның Киев, Херсон түбіндегі немесе Украинаның шығысындағы шабуылдарынан ешбір айырмашылығы жоқ.

16 тамызда Қырымдағы қару-жарақ қоймасы мен трансформаторда, сондай-ақ әскери базада үш жарылыс болды. Бұған дейін, 9 тамызда Саки аэродромында жарылыс болған еді. Содан бес Су-24 бомбардировщигі мен үш Су-30 бомбардировщигі жойылып кетті.

16 тамызда Украина президенті кеңсесі басшысының орынбасары Михаил Подоляк «алдағы екі-үш айда Қырымда» жаңа жарылыстардың болатынын мәлімдеген еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама