×

Қостанай облыстық сотының судьясы пара алу кезінде ұсталды

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр

 Динара Амантай 18.08.2022 | 16:45
Фото: kaz.orda.kz

Қостанай облыстық сотының судьясы ірі көлемде пара алып жатқан жерінен ұсталды. Бұл туралы Жоғарғы соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Биылғы 17 тамызда Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Жоғарғы соттың Ішкі қауіпсіздік бөлімінің өзара іс-қимылы нәтижесінде Қостанай қаласында Қостанай облыстық сотының судьясы ірі көлемде пара алу кезінде ұсталды. Ақша мүдделі тараптың пайдасына соттың оң шешімін алу үшін көзделген. Басқа ақпарат тергеудің мүддесіне орай жарияланбайды, – делінген хабарламада.

ҚР ҰҚК-нің Тергеу департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізіп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама