×

Бұрынғы саяси жүйеде көзбояушылық көп болды – заңгер

Қазақстанда енді непотизмге жол берілмеуі керек

 Дәурен Ерболат 17.08.2022 | 16:45
фото: ОКҚ

Профессор, заңгер Ермек Абдрасулов жаңа Қазақстан ұғымына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында «Жаңа Қазақстан» дегеніміз әділетті Қазақстан екенін атап өтті. Бұрынғы саяси жүйенің фундаменті қалса да оның көптеген бағыты өзгерді. Мысалы, Конституцияға өзгерістер енгізілді. Адам құқығы бірінші орынға қойылды. Мемлекет халықтың тұрмысын жақсартуға баса мән беретін болды. Неге біз «жаңа Қазақстан» дейміз? Өйткені, бұрын бізде көзбояушылық көп болды. Есептерде «әдемі» сандар көрсетілді. Алайда ашығын айтқанда бар Қазақстанның байлығы 200-ге жуық адамның қолында болды, - деді Ермек Абдрасулов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, бұрынғы саяси жүйеде сөз жүзінде барлығы жақсы болды, ал іс жүзінде басқаша болған.

«Әрине, Қазақстанның жағдайы басқа республикалармен салыстырғанда жақсы. Мысалы, мен көптеген елде болдым. Алайда жаңа Қазақстанда осындай жағдайды өзгерту керек. Елімізде әділеттілік болуы тиіс. Қазақстанның байлығы тең бөлініп, оған бақылауды бәріміз жүргізуіміз керек. Мемлекетте непотизм болмауы керек, яғни биліктегі адамның туысы, жақындары, тамыр танысы, жора-жолдастары жоғары қызметтерді атқарады. Ондайға жол берілмеуі керек», - деп сөзін түйіндеді профессор.

Айта кетейік, осыған дейін заңгер «Елбасы» сөзін қолданатындарды жауапқа тартуды ұсынған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама