×

Алматыда ұлтаралық араздықты тудыру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды

Тиісті сараптамалар мен тергеу жүргізіліп жатыр

 Динара Амантай 17.08.2022 | 14:47
halyq-uni.kz

Алматы полициясында ұлтаралық араздықты тудыру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі Polisia.kz ақпараттық порталына сілтеме жасап.

Бұрын хабарланғандай, кәмелеттік жасқа толмаған балаларына жасөспірімдер сексуалдық зорлық-зомбылық жасаған Алматы тұрғыны, қасақана арандатушылықты алға тартады. Әйелдің айтуынша, белгісіз біреулер оның БАҚ-қа берген сұхбаты мен көршісінің синхронынан түсірілген кадрларды пайдаланып, әдейі ақпараттық хабарлама жасаған, одан ұлтаралық жанжал шыққан. Контекстен алынған деректер деп шағымданған екі баланың анасы Ирина полицияға арызбен жүгінді.

Бұл дерек ҚР ҚК-нің 174-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Іс жүргізу аясында тиісті сараптамалар мен тергеу әрекеттері жүргізілетін болады. Нәтижесінде, авторлар мен жалған хабарлама таратқандар анықталатын болады және жауапкершілікке тартылады, – деді Түрксіб аудандық Полиция басқармасының бастығы Еркін Амантаев.

Еске сала кетсек, бұған дейін осы іске байланысты Алматыда жасөспірімдер екі балаға азғындық жасағаны туралы жаздық.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама