×

Маңғыстауға орыстілді 170 мұғалім керек. Министрлік конкурс жариялады

Тапшылық салдарынан мұғалімдерге жүктеме көбейді

 Ербол Тұрымбет 15.08.2022 | 10:53
Коллаж: Halyq Uni

Маңғыстау облыстық білім басқармасының мәліметінше, өңірдегі 5 орыстілді және 16 аралас мектепте 91 мұғалім тапшы. Одан бөлек, қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілі мен әдебиеті пәніне 79 мұғалім қажет. 

Басқарманың хабарлауынша, бұл тапшылық оқу процесіне кедергі тудырмас үшін басқа мұғалімдерге қосымша жүктеме беріліп жатыр. Алайда әр мұғалімге 1,5 жүктемеден аспайды.

Қиындықтың туындау себебіне келсек, өңірде орыс сыныбында оқығысы келетін оқушы аз. Оның үстіне, бірнеше жылдан бері жергілікті жоғарғы оқу орнында орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімін даярлайтын топ жоқ, делінген ресми жауапта.

Өткен оқу жылында жалпы білім беру ұйымдарына 903 жас маман жұмысқа қабылданған. Дегенмен оның 16-сы ғана орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

Қазір кадр тапшылығын жою үшін Оқу-ағарту министрлігінің «Мұғалімдер тапшылығы байқалған өңірлерге үздік педагогтерді тарту» арнайы бағдарламасы бойынша конкурс жарияланып, қажетті педагогтарды жұмысқа тарту шаралары атқарылуда. 

Одан бөлек, биылғы оқу жылында 300 жас маманды жұмысқа қабылдау жоспарланып отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама