×

Зеленский Батысты ресейліктердің кіруіне тыйым салуға шақырды

Украина басшысы қазіргі санкцияларды әлсіз деп есептейді

 Динара Амантай 09.08.2022 | 13:58
Фото: Яндекс Дзен

Украинаның президенті Владимир Зеленский Батыс елдеріне ресей азаматтарын кіргізуге тыйым салу керек деп есептейді. Бұл туралы ол The Washington Post басылымына берген сұқбатында айтты.

Саясаткердің ойынша, шекаралардың жабылуы ең маңызды санкциялар болып табылады. Оның айтуынша, орыстар бөтен жерді тартып алып жатыр. Сондықтан ол Ресей азаматтары «өз философиясын өзгертпейінше, өз әлемінде өмір сүруі керек» деп санайды.

Зеленский бұл шара наразылық ретінде елден кеткен ресейліктерге де қатысты болуы керек деп қосты.

 «Қандай орыс болмасын, бәрін Ресейге қайтару керек», – деді ол.

Бұған қоса Украина басшысы Ресейдің барлық халқын жауапқа тарту қажет деп санайды.

Барша халықты жауапқа тарту керек. Себебі бұл халық осы үкіметті таңдады және олар оған қарсы күреспейді, онымен дауласпайды, олар оған қарсы наразылыққа шықпайды, – деді Зеленский.

Саясаткер қазірдің өзінде салынған антиресейлік санкцияларды ел азаматтары үшін бір жылға шекараны жабу және Ресей Федерациясынан энергия сатып алуға толық эмбарго енгізумен салыстырғанда «әлсіз» деп атады.

Бұған дейін Зеленский Украина Ресей Қарулы Күштерінің бақылауындағы аймақтарда референдум өткізу кезінде Ресеймен келіссөздерден бас тартатынын айтқан. Оның айтуынша, Украина тарапы майдан шебіне анағұрлым қуатты және алыс қашықтықтағы жүйелерді жіберу үшін қару-жарақ жеткізуді ұлғайту бойынша күн сайын жұмыс істеп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама